Жамбыл облысы Меркі ауданында иппотерапия бөлімшесі ашылды

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі
Иппотерапия бөлімінде балалармен сабақ өткізетін арнайы инструкторлар жұмыс істейді

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай  Меркі ауданында мүмкіндігі шектеулі балаларды оңалту және бейімдеу орталығында иппотерапия бөлімі ашылды.

Меркі ауданы Сарымолдаев ауылындағы оңалту және бейімдеу орталығы 2018 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. Бүгінде мұнда балалардың церебралды сал ауруымен және тірек-қимыл аппаратының бұзылуымен ауыратын балаларға қажетті барлық нәрсені қамтамасыз ететін 30 маман жұмыс істейді.

Орталық бір уақытта 25 адамды қабылдай алады, сондықтан қызмет алушылар орталыққа ауысыммен келіп отырады.

Иппотерапия бөлімінде балалармен сабақ өткізетін арнайы инструкторлар жұмыс істейді.  Қазір күніне 21 бала атқа мініп жүр. 

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

 Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Жорабек Баубеков өңірде ерекше қажеттіліктері бар адамдардың үштен бірі кәмелетке толмағандар және оларға ерекше күтім мен қамқорлық қажет екенін атап өтті. 

Мүмкіндігі шектеулі адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Барлық әлеуметтік нысандар инклюзивтілікке ұмтылады, ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін көптеген мекемелер бейімделуде. Өңір басшысы Бердібек Сапарбаевтың тапсырмасы бойынша әрбір аудан өз тұрғындарын иппотерапия бөлімшелерімен жабдықталған бейінді орталықтармен қамтамасыз етуі тиіс. Облыс орталығында мұндай тәжірибе бірнеше жылдан бері жүзеге асып келеді.Жорабек Баубеков

Nur Otan партиясы Меркі аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Гүлайым Шағатаева, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қамбар Иманалиев, ата-аналар салтанатты түрде сөз сөйледі.

Олар орталық қызметкерлеріне еңбекте табыс тіледі.  

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

Жапонияда қатты жер сілкінісі болды