Мұрынға себетін "Спутник" вакцинасы 2022 жылдың І-тоқсанында қолжетімді болады

Сурет: pixabay
Коронавирусқа қарсы "Спутник" вакцинасының мұрынға себетін түріндегісі келесі жылдың басында нарыққа шығады, деп хабарлайды Zakon.kz

Бұл туралы 29 желтоқсанда Twitter-дегі аталған вакцинаны өндірушілердің парақшасында жарияланған хабарламада айтылады.

Ресейдің тікелей инвестициялар қорының мәліметінше, мұрынға себетін вакцина, әсіресе "омикрон" штаммына қарсы тиімділік танытады.

Коронавирусқа қарсы мұрынға себетін вакцинасына клиникалық зерттеу жүргізу Гамалея атындағы орталықта өткен айдың соңында қолға алынды. Орталық басшысы Александр Гинцбургтің айтуынша, мұрынға вакцинаны тамызған адам COVID-19-ды таратушы болмайды.

Оның айтуынша, вакцина әдеттегі егу қажеттілігін жоймайды, бірақ оған қосымша көмек болады, бұл инфекцияның таралуына тағы бір тосқауыл амалы секілді рөл атқарады.

Ресей
COVID-19

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанда нысандарды бұзуға жаңа жолмен рұқсат беріледі