Грек ғалымы пандемия 20 ақпанда аяқталатынына сенімді

Сурет: pixabay
"Омикрон" штаммы түріндегі инфекция толқыны 20 ақпанда басылады және бұл коронавирустың соңғы мутациясы болуы мүмкін. Бұл туралы Аристотель университетінің профессоры Демостен Сарияннис мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz

Newsbeast-қа берген сұхбатында сарапшы коронавирустың дамуының математикалық моделіне cүйене отырып, осындай тұжырымға келгенін айтты.

Оның айтуынша, "омикрон" штаммының шыңы қаңтардың 20-сы мен 22-сі аралығында тіркеледі, содан кейін төмендеу басталады. Бұл ретте бір аптада тіркелген аурулардың орташа деңгейі 66 мың жағдайға жетеді. Сарияннистің айтуынша, пандемия 20 ақпанға дейін аяқталуы мүмкін.

Ғалым штаммның қауіпті екенін елемеуге болмайтынын ескертті. Оның пікірінше, созылмалы ауруы бар адамдар немесе қарттар оны екі немесе тіпті үш рет жұқтыруы мүмкін.

Коронавирусқа байланысты пандемияны Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 2020 жылдың 11 наурызында жариялады. 2019 жылдың қазан айында ауру алғаш рет Қытайдың Ухань қаласында анықталды. Коронавирус бірқатар елдерде ұлттық локдаун жариялауға себеп болды, 2021 жылдың желтоқсанында Канадада хоккейден жастар чемпионаты Сovid-19-ға байланысты өтпей қалды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды