Мегаполисте "омикрон" штамының тез таралуы күтіледі. Алматылықтарда коронавирустың таралуын бәсеңдету үшін вакцина салдыруға және бустерлік екпе алуға барлық мүмкіндік бар.Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров
Оның айтуынша, Алматыдағы эпидемиологиялық жағдай нашарлай түскен. Коронавирус дертін жұқтыру бойынша апталық көрсеткіш 2 есеге артты. Болжам бойынша, мегаполисте індеттің тағы бір толқыны басталып, жалғасуда.
Сонымен қатар, қала әкімінің орынбасары жаңа жылдық мерекелер мен елдегі жағдайға байланысты тұрғындар коронавирусқа тестілеуден 8-10 есе аз өткенін атап өтті. Оның пайымдауынша, тестілеу көлемі ұлғайған кезде оң сынамаларды анықтау да артады, бұл эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауына және қаланың матрицаның "қызыл" аймағына көшуіне әкеледі.
Ержан Бабақұмаров Алматыда коронавирус дерті өткен жылдың желтоқсан айының соңында өсе бастағанын еске салды. Сол кездің өзінде эпидемиологтар мұны "омикрон" штамының таралуының басталуымен байланыстырды.
Аппараттық кеңес барысында хабарланғандай, 6 қаңтарда толық геномдық секвенирлеу нәтижелері алынды: ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне жіберілген 96 үлгінің 8 сынамасынан "омикрон" штамы табылды, оның ішінде 7 сынама Алматыдан жеткізілді.
Коронавирустың "дельта" штамы әлі де белсенді айналымда. Ол сынамалардың 71%-да, дельта-плюс - 16%-да, басқа штаммдарда – 4,7%-да анықталды.
Алматыда "омикрон" штамының айналымын 20 жастан 39 жасқа дейінгі адамдар арасында жұқтырғандардың үлес салмағының 16,4%-ға (27,7%-дан 44,1%-ға дейін), сондай-ақ 15-19 жастағы жасөспірімдер арасында 1,1%-ға (4,2%-дан 5,3%-ға дейін) күрт өскенін көрсететін жас құрамына жүргізілген талдау растайды. Қалған контингенттер бойынша төмендеу тіркелген (60 және одан жоғары жастағы адамдар арасында – 8,6%-ға, 40-тан 59 жасқа дейінгі адамдар арасында – 2,5%-ға, 14 жасқа дейінгі балалар арасында – 4,7%-ға және 1 жасқа дейінгі балалар арасында 0,3%-ға).
Сонымен қатар, симптомсыз формалардың өткен жылдың желтоқсан айында 6%-дан 16%-ға дейін өсуі байқалды, бұл "омикронға" да тән.
Ержан Бабақұмаровтың айтуынша, "омикрон" штамы өте тез жұғады. Сондай-ақ ол вакцинация коронавирустан қорғаудың ең сенімді әдісі болып қала беретінін еске салды. Қала әкімінің орынбасары алматылықтарды "омикронның" таралуын төмендетуді және вакцинациялауға көмектесуге шақырды.
Бабақұмаров қалада халықты коронавирусқа қарсы иммундау жалғасып жатқанын айтты. Бүгінгі таңда бірінші компонентті 1 077 896 адам, екі компонентті 1 028 180 қала тұрғыны салдырған. Ревакцинация 69 018 адамға жүргізілді.
Бүгінде Алматыда ұжымдық иммунитеттің деңгейі әлі де төмен, иммундық қабат бар болғаны 59,4%-ды құрайды (вакциналанғандар - 49,4%, ауырып жазылған адамдар – 10%).