Жаппай тәртіпсіздіктер кезінде денсаулық сақтау нысандарына 20 шабуыл жасалды

Сурет: ОКҚ
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Zakon.kz

Жаппай тәртіпсіздіктер барысында денсаулық сақтау нысандарына, атап айтқанда, бес стационарға, бір алғашқы медициналық-санитарлық көмек пунктіне және 14 дәріханаға 20 шабуыл жасалды. Жеті медицина қызметкері (бесеуі Алматыда, Шымкентте біреу және Алматы облысында біреу) және төрт өңірде 45 жедел медициналық жәрдем көлігі зардап шекті: Алматыда – 31, Шымкентте – жеті, Алматы облысында – бес, Жамбыл облысында – екеу. Оның төртеуі жөндеуге мүлде келмейді.

Медициналық авиация Нұр-Сұлтан қаласынан Алматы қаласының Республикалық қан орталығына қорға қажетті 360 доза қан жеткізді. Медициналық ұйымдар дәрілік препараттармен және қан компоненттерімен толық көлемде қамтамасыз етілді.

Алматы қаласының үш медициналық клиникасы: №1, №7 және №12 қалалық ауруханалар шамамен үш тәулік бойы қоршауда болды, бұл кезде қызметкерлер ауысымсыз, тәулік бойына жұмыс істеді. Науқастар үшін сырттан азық-түлік келмей жатты, дәрігерлер науқастарға тамақ дайындауға мәжбүр болды.

Зардап шеккендер арасында дәрігерлер қойған сұрақтарды түсінбеген және мемлекеттік, орыс тілдерінде жауап бере алмаған және медициналық көмек алғаннан кейін медициналық ұйымдар рұқсатынсыз кетіп қалған, тіпті белгісіз қарулы адамдармен бірге жан сақтау бөлімінің өзінен шыққандары да болды.

Қазіргі уақытта республикамыздың, оның ішінде Алматы қаласы бойынша да барлық медициналық ұйымдар штаттық режимде жұмыс істеп жатыр.

Алматы
Қазақстан
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты