Әлихан Смайылов: Ревакцинация дұрыс орындалып жатқан жоқ

Сурет: primeminister.kz
Ревакцинация баяу жүргізіліп жатыр. Мұны Үкімет отырысында Премьер-министр Әлихан Смайылов мәлімдеді, деп хабарлады Zakon.kz

Үкімет басының айтуынша, жыл басынан бері вирус жұқтыру 1 есеге өсті. Түркістан облысы ғана "сары" аймақта. Басқа өңірлер "қызыл" аймақта. Бұл туралы 18 қаңтарда өткен үкімет отырысында баяндалды.

 

Оның ішінде Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында, Қарағанды және Атырау облыстарында коронавирус жұқтырған адам көп. Ең бастысы барлық өңірде эпидемиология жағдайын қатаң бақылауда ұстау қажет. Өңірлерде қосымша шектеу шаралары да қабылданған. Енді олар нақты орындалуы тиіс. Адамдар санитарлық талаптарға неғұрлым салғырт қарау аурудың соғұрлым өсуіне әкелетінін түсінуі қажет. Сондықтан мониторингтік топтардың жұмысын барынша күшейту қажет. Вирустың таралуын азайту үшін науқастарды тез оқшаулап, адамдардың көп жиналуына жол бермеу керек. Денсаулық сақтау министрлігі мен әкімдіктер ауруханаларда қосымша орындар дайындауына тура келеді.Премьер-министр Әлихан Смайылов

Үкімет басшысы ПТР тест аз өңірлерге оның санын ұлғайту қажет екенін айтты. Әсіресе Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Түркістан облыстарында тестілеу аз жасалған.

Сонымен бірге ол ревакцинация дұрыс орындалып жатпағанын айтып, жағдайды бақылауды Ералы Тоғжановқа тапсырды.

Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында, Атырау, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау облыстарында ревакцинациялау қарқыны жақсарған жоқ. Демек бұл мәселені әкімдер дұрыс қарамай отыр.Премьер-министр Әлихан Смайылов
Қазақстан
Смайылов Әлихан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты