«Спутник Лайт» вакцинасының 150 мың дозасы Қазақстанға жеткізілді

Сурет: Zakon.kz
COVID-19-ға қарсы "Спутник Лайт" вакцинасының 150 мың дозасы жеткізіліп, "СК-Фармация" бірыңғай дистрибьюторының қоймасына келіп түсті, деп хабарлайды Zakon.kz

Эпидқорғауға байланысты "Қарағанды фармацевтикалық кешені" "Спутник Лайт" вакцинасын тегін гуманитарлық көмек ретінде ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне берді.

Вакциналардың осы партиясы жедел түрде ел өңірлеріне жіберілетін болады. Алдағы күндері вакцина Қазақстан Республикасының азаматтарына коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялау үшін қол жетімді болады. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

"Спутник Лайт" - ревакцинация үшін қолданылатын бір компонентті вакцина. Ол Н.Ф. Гамалеи атындағы НИЦЭМ Ресей тікелей инвестициялар қорымен бірлесіп әзірленген.

Ресейдің тікелей инвестициялар қорының мәліметтері бойынша, препараттың тиімділігі 79,4% құрайды. Аталған вакцинаның қауіпсіздігі бірқатар елдерде: БАӘ, Бахрейн, Аргентина, Ресей, Мексика, Сербия, Сан-Марино, Филиппин, Ливия, Парагвай, Венгрия, Әзірбайжан және Беларусьте вакцинация бойынша нақты деректермен расталған. Сондай-ақ, жетекші халықаралық ғылыми басылымдарда 20-дан астам жарияланым бар.

Вакцинаның сапасын қамтамасыз ету мақсатында өндірушіден медициналық ұйымдарға дейінгі барлық жолда суық тізбекке тиімді мониторинг жүргізіледі. "Спутник Лайт" вакцинасы мұздатылған препарат түрінде жарықтан қорғалған жерде, минус 18°C жоғары емес температурада сақталуы тиіс. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

Қазақстан аумағында халықты вакцинациялау үшін "Biontech", "QazVac", "Спутник V", "Hayat-Vax", "CoronaVac", "Sinopharm", "Comirnaty Pfizer/BioNTech" сияқты вакциналар қолданылады.

Қарағанды
Қазақстан
Спутник V

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бельгияда жалпыұлттық ереуіл өтіп жатыр

Көп балалы отбасылар, ипотека, білім: қазақстандықтар салық арқылы ақшаны қалай үнемдей алады

Көлікті 5 минуттан артық қыздырғандарға салынатын айыппұлдың мән-жайын ІІМ түсіндіріп берді

Көкшетауда кісі өлтірді деген үш күдікті бірден ұсталды

2025 жылдан бастап Денсаулық сақтау министрлігі медициналық қызметтердің тарифтерін өзгертті