"Спутник лайт" вакцинасының алғашқы легі келді

Сурет: ШҚО ДСД
Қазір коронавирусқа қарсы ресейлік препараттың алғашқы партиясы Шығыс Қазақстан облысындағы медициналық ұйымдарға таратылып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz

Естеріңізге сала кетейік, "Спутник лайт" коронавирусқа қарсы вакцинацияның толық курсынан кейін ревакцинация жүргізуге арналған. "Спутник лайт" құрамы "Спутник V" бірінші компонентіне ұқсас. Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, аймаққа ревакцинацияға арналған препараттың 21 мың дозасы түскен.

Дәрігерлер халықты ревакцинация жасауға үндеуде. Өйткені уақыт өте келе дененің инфекциядан қорғалу деңгейі төмендейді. Өткен тәулікте, яғни 23 қаңтар күні Шығыс Қазақстанда коронавирус инфекциясының 290 жағдайы тіркелді.

17 қаңтарға дейін бізге 15-20 адам осы симптомдармен жүгінетін. Ал қазір бізге күніне 80-ге жуық науқас келеді. Мобильді бригадалардың қоңыраулары да артты. Сондықтан мен антиденелердің деңгейі төмендемеуі үшін адамдарды ревакцинациядан өтуге шақырғым келеді.Амбулаториялық орталықтың жалпы практика дәрігері Іңкәр Мантаева

Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, Шығыс Қазақстанда 154 мыңнан астам адам ревакцинациядан өткен. Жасөспірімдерді, жүкті және бала емізетін әйелдерді вакцинациялау жалғасуда. Осы санатқа жататын 170 мыңнан астам адам Comirnaty Pfizer вакцинасын алды. Бұл ретте препарат 60 жастан асқан адамдар мен медицина қызметкерлеріне ревакцинация үшін қолжетімді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы