Коронавирус пен пневмониядан 12 адам қайтыс болды

Сурет: Zakon.kz
6 ақпан күні Қазақстанда 9 адам коронавирустан, тағы 3 адам пневмониядан қайтыс болды, деп хабарлайды Zakon.kz

Денсаулық сақтау министрлігі кейінгі тәулікте коронавирустан қайтыс болғандар статистикасын жариялады.

Коронавирустан қайтыс болғандардың үшеуі Нұр-Сұлтанда. Шымкентте тағы 2 науқас, Алматы қаласы мен Ақмола, Батыс Қазақстан, Алматы облыстарында бір адамнан көз жұмды.

Ал Ақтөбе, Павлодар, Қызылорда облыстарында пневмониядан бір адамнан қайтыс болды.

Айта кетейік, елімізде 9 867 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты.

7 ақпанға дейін Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-компонентін 9 251 891 адам, 2-компонентін 8 822 430 адам салдырды.

Сонымен бірге Pfizer коммпаниясы өндірген вакцинаның 1-компонентін 577 567 жасөспірім, 27 599 жүкті әйел және бала емізетін 89 378 әйел салдырғаны белгілі болды.

Қазақстан
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Парламенттік реформа бойынша референдум қашан өтетіні белгілі болды

Оралда әкімдер мен депутаттың да үрейін алған блогер сотталды

Қазақстанның ресми халық саны аталды

Бас прокуратурада жаңа Конституция жобасын талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті