2021 жылы Димаш Құдайберген Tixr американдық платформасында қайырымдылық сипаты бар Project C. U. R. E. коммерциялық емес ұйымымен бірге «Dimash Digital Show» онлайн-концертін өткізген еді. Соның нәтижесінде медицина орталығына кереуеттер, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған арбалар, хирургиялық бас киімдер, қолғаптар, хирургиялық маскалар, көзілдіріктер, N-95 халаттар берілді.
Dimashnews.com сайтының хабалауынша, 21 ақпанда «DimashAli» шығармашылық орталығының жетекшісі Қанат Айтбаев пен «DimashNews» редакциясы және жоба үйлестірушісі Қымбат Жақыпова онкология орталығына барып, жеткізілген жүкті қарап, орталық қызметкерлерімен әңгімелесіп қайтты.
Орталық қызметкерлері Димаш Құдайбергенге алғысын білдіріп, табыс тіледі. Олардың айтуынша, ауыр сырқаттан өмірге деген ынтасын жоғалтқан пациенттерді шығармашылыққа баулу өте маңызды. Дәрігерлер мұндайда әншінің өнері адамдардың әрі қарай өмір сүруіне көмектеседі деп есептейді.
Қазіргі эпидемиологиялық жағдайда онкология орталығындағы қызметкерлер науқастарды емдеуге арналған жабдықтар мен материалдарды белсенді қолданып жатыр. Кереуеттер палаталарға орнатылады. Медициналық материалдар қызметкерлер мен пациенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көмектесіп жатыр. ҰҒОО Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Қанат Сыздықұлы Сатыбаев