Жаңа қаулыға сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары мен қонақтары алға тартылған талаптарды қатаң сақтауы тиіс.
Халық медициналық немесе матадан тігілген бетпердені тағуы міндетті:
5 жасқа дейінгі балаларды қоспағанда, сондай-ақ қоғамдық тамақтану орындарында тамақ ішу жағдайларын қоспағанда халықтың келуіне, қызмет көрсетуіне және демалуына арналған үй-жайларда, қоғамдық көлікте;
COVID-19 күдікті адамға көмек көрсету кезінде дені сау адамдар;
коронавирус инфекциясына ұқсас аурудың белгілері (дене қызуының көтерілуі , жөтел, түшкіру) бар адамдар.
Сондай-ақ, кәсіпкерлік нысандарында Ashyq қосымшасы бойынша жұмыс өз жалғастығын табады.
Одан бөлек, халық арасында вакциналау және ревакцинация жүргізу жұмыстарына бақылау күшейтіледі.
Қаулы қол қойылған сәттен бастап өз күшіне енеді.
Қаулының толық мәтінімен мына арадан танысуға болады.