5 мамыр – дүниежүзінде акушерлер күні

5 мамыр — адам өмірінің ең әсерлі сәтіне куә болып жүретін акушерлердің кәсіби мерекесі. Бүгінде Қазақстанда 6 921-ден астам акушер еңбек етеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

«Акушер» (accoucher) сөзі французша босануға көмектесу деген мағынаны білдіреді. Акушерлер — дәрігердің көмекшісі. Босануға түскеннен перзентханадан шыққанға дейін әйелдің қасында болып, босану кезінде қажет медициналық көмек пен моральдық қолдауды көрсетеді, жаңа туған нәрестелерге күтім жасайды.

Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, Қазақстандағы медицина ұйымдарында жүкті және босанған әйелдерге акушерлік көмекті 6 921-ден астам акушерлер көрсетеді. Оның ішінде ауылдық жерлерде 2 485 акушер, босандыру ұйымдарында 3 437 акушер еңбек етеді. 2021 жылы акушер түлектердің саны 811 болса, 2022 жылы акушер түлектердің саны 719 болады деп болжанды.

Кейбір медицина ұйымдарда 187 акушер тапшылығы байқалады. Оның ішінде қалада 126, ауылдық жерлерде 61 маман жетіспейді.

Фельдшерлік-акушерлік пункттерде 790 акушер жүкті әйелдерге өз бетінше амбулаториялық медициналық көмек көрсетеді. Бүгінде акушерлердің рөлі артып, олардың функционалдық міндеттері кеңейтіліп, кейбір медициналық өкілеттіктер берілген.

Осылайша Денсаулық сақтау министрлігінде штаттан тыс бас акушер лауазымын енгізу, нормативтік-құқықтық актілерде оның мәртебесі мен құзыреттерін кеңейте отырып өкілеттіктерін заңнамалық деңгейде бекіту жоспарланып отыр.

Сонымен қатар жоғары білім алу, магистратура мен докторантурада оқу сияқты кәсіптік білімнің одан әрі өсу мүмкіндігі бар акушерлерді қоса алғанда, орта медицина қызметкерлерін даярлау жүйесін реформалау жалғасып жатыр. Денсаулық сақтау министрлігі акушерлерді бүгінгі кәсіби мерекесімен құттықтады.

Құрметті акушерлер, баршаңызды кәсіби мерекемен құттықтап, баға жетпес еңбектеріңіз үшін шексіз алғысымды білдіргіміз келеді. Баланың бақыты мен болашағы, анасының денсаулығы сіздердің жылы және қамқор қолдарыңызға байланысты. Олар шаршауды, толқуды білмесін, жүректеріңізде әрқашан өз істеріңізге деген сүйіспеншілік пен адалдық өмір сүрсін, – делінген министрлік хабарламасында.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: