Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі мәліметінше, сәбидің анасы, Қазығұрт ауданының 23 жастағы тұрғыны Сәуле Күмісбектің алғашқы жүктілігінде асқыну болған. Сондықтан әйелдің босануы қиын болды. Бала гипоксиямен дүниеге келді. Екінші күні кенеттен оның асқазанынан қан кете бастады. Гемоглобины өте қатты төмендеді.
№1 облыстық перинаталдық орталығы және облыстық балалар клиникалық ауруханасының бас дәрігерлері бірден перзентханада операция жасауға шешім қабылдады. Себебі баланы тасымалдау өте қауіпті болды.
Облыстық клиникалық балалар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары, штаттан тыс балалар хирургы С.Сарыбай және анестезиолог-реаниматолог Е.Рахимов перинаталдық орталыққа шұғыл келіп, операция жасау бөлмесінде науқас сәбиге шұғыл көмектесті. Науқасқа міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында операция жасалды.
Асқазанның идиопатиялық жарылуы – жаңа туған нәрестелердегі сирек кездесетін хирургиялық ауру. Кенеттен пайда болады. Әріптестерім – неонатологтардың арқасында баланың жағдайы тұрақталып, олар сәбиді операцияға дайындай білді. Тәуекел үлкен болды.Хирург Сұлтанғали Сарыбаев
Қазір Рамазан салмақ жинап, анасы екеуі ауруханадан шықты. Қазығұрт тұрғыны Сәуле Күмісбек дәрігерлерге шексіз алғыс білдірді.