Ажар Ғиният маймыл шешегіне қатысты шекарадағы тексеру туралы айтты

Үкімет кулуарында ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиняит Қазақстанда маймыл шешегін жұқтырған бірде-бір адам тіркелмегенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Бүгінгі күнге дейін Қазақстанда мұндай жағдайлар (маймыл шешегі. – ред.) тіркелген жоқ. Шекарада біз елімізге кірген әрбір адамның қызуын тексереміз. Егер дене қызуы көтерілген науқас табылса, ол жұқпалы аурулар ауруханасында бөлек бөлмеге оқшауланып, тексеріледі. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният

Сонымен қатар, ол ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бұл ауруды анықтау үшін арнайы сынама әзірленгенін атап өтті.

Ажар Ғинияттың айтуынша, аурудың негізгі белгілері – дене қызуының көтерілуі, қатты интоксикация, әлсіздік, бас ауруы, терінің бөртуі.

Сондай-ақ Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы журналистердің бұл дертке қарсы вакцинаға қатысты сұрағына жауап берді.

Қазіргі уақытта маймыл шешегіне қарсы вакцина жоқ. Бүкіл халықты вакцинациялау белгілі бір жағдайларда, бүкіл әлемде немесе елде кең ауқымды эпидемия болған кезде және бұл инфекция қауіпті болса ғана жүргізіледі. Бүкіл Қазақстан халқын вакцинациялау мәселесі көтеріліп жатқан жоқ, біз ДДҰ ұсынысын күтеміз. Ажар Ғиняит

Министр бүгінге дейін 24 елде маймыл шешегі тіркелгенін атап өтті.

Қазақстан Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: