Елімізде жылда пациенттерге 400 мыңнан астам доза қан құйылады

Сурет: unsplash
Денсаулық сақтау министрлігінің Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы басқарма төрағасының бірінші орынбасары Дулат Имашпаев Қазақстанда жыл сайын пациенттерге 400 мыңнан астам доза қан құйылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстанда жыл сайын пациенттерге 400 000-нан астам доза немесе күніне 1 мыңнан астам доза қан құйылады. Ол үшін қан орталықтарына күн сайын мыңдаған еріктілер келеді, – деді ол дүниежүзі қан доноры күніне арналған брифингіде.

Сонымен қатар Дулат Имашпаев ауыр созылмалы аурулары болмауға тиіс ҚР кез келген кәмелетке толған азаматы донор бола алатынын айтты. Қан тапсыру алдында донордың денсаулығын қан орталығының дәрігері қосымша бағалайды, сонымен бірге донордың қанына зертханалық тестілеу жүргізіледі.

Қауіпсіз қан құюды қажет ететіндердің барлығына қол жетімді болуы үшін барлық елде ерікті, ақысыз және үнемі қан тапсыруға дайын донорлар болуы керек. Халықтың кеңінен және белсенді қатысуын қамтамасыз ететін қан донорлығының тиімді бағдарламасының болуы бейбіт уақытта да, сонымен бірге төтенше жағдайлар мен дүлей зілзалалар кезеңінде де, қанға қажеттілік күрт өсетін немесе қан қызметтерінің қалыпты жұмыс режимі бұзылған кезде де қажет қан құюды уақытылы орындауға мүмкіндік береді, – деді Дулат Имашпаев.

Ол қан тапсыру актісі қоғамдағы байланыстарды дамытуға және әлеуметтік келісімді нығайтуға көмектесетінін айтты.

Қазақстан
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы