Ведомство басшысы Денсаулық сақтау министрлігі алдағы үш айға болжамды ай сайын жаңартып отыратынын түсіндірді.
Пессимистік сценарийде ең көп тіркелген жағдайлар күніне 4000 пациентке дейін жетеді деп болжанды. Нақты сценарийде күніне 2,5 мың жағдайға дейін тіркеледі. Оптимистік сценарийде күніне 1000 жағдайға дейін анықталады.Ажар Ғиният
Министр коронавирусты жұқтыру тамыз айында өршиді деп болжанғанын айтты.
Вирус тамыз айына дейін және тамыз айында артады. Ал қыркүйекте және тамыз айының соңында төмендейді.Ажар Ғиният
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) деректері бойынша Америка мен Африка өңірлерін санмағанда соңғы аптада әлемдегі сырқаттану 3%-ға өсті, ал қалған 4 өңірде сырқаттану 4, 5, 25 және 28%-ға өскені байқалады.
Кейінгі аптада әлемнің 108 елінде сырқаттанудың өсуі байқалады, оның ішінде Жапонияда соңғы аптада сырқаттану 112%-ға (169 мың жағдайдан 360 мың жағдайға дейін), Арменияда 103%-ға (174 жағдайдан 354 жағдайға дейін), Венгрияда 72%-ға (4663 жағдайдан 8036 жағдайға дейін), Қытайда 28%- ға (571 жағдайдан 733 жағдайға дейін), Ресейде12%-ға (21 мың жағдайдан 23 мың жағдайға дейін) өскен.