Нұр-Сұлтан қаласы «қызыл» аймаққа өтуі мүмкін бе

Сурет: zakon.kz
ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі – ҚР бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Айжан Есмағамбетова Нұр-Сұлтанда коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақтала бастағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Соңғы күндері жағдайды тұрақтандыру үрдісі барын байқап отырмыз. Екіншіден, Нұр-Сұлтандағы R индикаторы күн сайын төмендеп келеді, бүгінде ол бірден сәл артық – 1,098. Бұл Нұр-Сұлтандағы жағдайдың нашарлауынан көрі тұрақталуға бейім екенін көрсетеді. Сондықтан қазір біз елордада қандай да бір қосымша қатаң шектеулер енгізу туралы сөз етіп отырған жоқпыз. Айжан Есмағамбетова

Осыған қарамастан, еліміздің бас санитариялық дәрігерінің айтуынша, қоғамдық көліктерде, жабық орындарда, адам көп жиналатын орындарда бетперде тағу жөніндегі ұсыныстарды сақтау қажет.

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният қала «қызыл» аймаққа кірген кезде қатаң карантиндік шектеулер енгізілетінін айтты.

Қазір инфекция өтіп жатыр. Денсаулық сақтау саласында мұндай жүктеме жоқ. Инфекциялық ауруханалар 30 пайыз толы. Біз әлі күнге дейін резервтегі төсектерді пайдаланып жатқан жоқпыз, – деді Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы.

Еске салсақ, 21 шілдеден бастап елорда «сары» аймақта.

Қазақстан
Нұр-Сұлтан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев

"Йогуртпен ғана тамақтандырған": әйел 1,5 жастағы қызын аштан өлтірді