Мамандар қант диабетінен сақтайтын өнім түрін анықтады

Сурет: pixabay
Испан зерттеушілері квиноа (алабота тұқымына жататын үнді дақылы) дәнін күнделікті қолдану екінші типті қант диабетінен сақтауға сеп екенін анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ғалымдар зерттеу жүргізіп, оған сусамыр ауруына күдік келтірілген 65 жастан асқан тоғыз ерікті адам қатысты. Күнделікті тамақ тұтынысындағы кәдімгі күріш, картоп немесе бұршақтың орнына олар квиноаны ұсынды, деп хабарлайды medikforum.ru.

Зерттеуге қатысушылардан қант алынып, оның құрамындағы қант деңгейі үнемі тексеріліп отырды. Жаңа диета бойынша тамақтанған адамдарда қант мөлшері көп өзгеріске ұшырамаған, яғни секірмеген.

Сарапшылар квиноаның пайдасы өнімнің төмен гликемиялық қасиетінде екенін айтады. Бұл екінші типті қант диабетінің алдын-алудың негізгі факторы бола алады.

Жаңалық сипатындағы материалдарды дәрігердің тағайындауындағы рецептімен теңестіруге болмайды. Қандай да бір шешім қабылдамас бұрын маманмен кеңесіп алған жөн.

Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз