ДДСҰ вакцина салдырғандардың санын көбейтіп, бетперде тағуды ұсынды

Сурет: Zakon.kz
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сарапшылары ауру ауыр өту қаупі бар адамдарға қатаң терапиялық хаттамаларды қолдану маңызды екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы халықты вакцинациямен қамтуды арттыруды, сондай-ақ осы күз бен қыста Омикрон штамынан қорғау үшін қоғамдық орындарда бетперде тағуды ынталандыруды ұсынады, деп жазды РИА Новости.

Эпидемиологиялық жағдай әр елде түрленіп отырады және қыс пен күзге дайындық кезінде ДДҰ елдерді инфекцияның таралуын жеңілдету бойынша күшін жаңартуға және денсаулық сақтау жүйелеріне қысымның күшеюіне жауап беруге дайын болуға шақырады. ДДСҰ

Мамандардың айтуынша, осы күз бен қыста халықты вирустан қорғау үшін вакцинацияланған адамдардың санын көбейту, 5 жастан асқан иммунитеті төмен адамдарға және олардың жақын адамдарына екінші күшейткіш дозаны енгізу және «белгілі бір топтарға екінші күшейткіш дозаны ұсыну мүмкіндігін қарастыру» маңызды.

ДДСҰ жабық орындарда және қоғамдық көліктерде бетперде тағуға және халық көп жиналатын жерлерді желдетіп отыруға кеңес берді.

COVID-19
ДДСҰ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Айына 8,7 млн теңге: қазақстандықтар қандай жалақыға жұмыс істеуге дайын

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Қытай сапары: БҚО әкімі Нариман Төреғалиев Ляонин провинциясы партия комитетінің хатшысымен кездесті