Ерікті медициналық сақтандыру қазақстандықтар үшін 2022 жылдың соңына қарай қолжетімді болады

Сурет: primeminister.kz
ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қазақстандықтар үшін ерікті медициналық сақтандыру қашан қолжетімді болатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ажар Ғиният бүгінде қазақстандықтар үшін ерікті медициналық сақтандыру қолжетімді деп сендірді. Бірақ ол бұл құралды негізінен ірі кәсіпорындар қолданатынын нақтылай кетті.

Елбасының тапсырмасын ескере отырып, жұмыс тобы қазірдің өзінде жұмыс істеп жатыр. Тұрғындарға ерікті түрде сақтандыратын компаниялар қандай көмек көрсететіні және медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында және міндетті медициналық сақтандыру жүйесі аясында қандай көмек берілетіні айтылады.ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният

Оның айтуынша, жыл соңына дейін тиісті шешімдер қабылдануға тиіс.

1 қыркүйекте Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ерікті медициналық сақтандыру жүйесін іске қосуды тапсырды.

Қазақстан
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?