Қазақстанда медициналық қателер үшін тағайындалатын жазаны қайта қарау ұсынылды

Сурет: Елорда Денсаулық сақтау басқармасы
ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният парламент мәжілісінде денсаулық сақтау мәселелері бойынша түзетулерді таныстыру барысында медицина қызметкерлерінің кәсіби міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жазаны ізгілендірудің жаңа стандарттарын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Денсаулық сақтау министрлігі ҚР Қылмыстық кодексiнің 317-бабы бойынша заң жобасы аясында медицина немесе фармацевтика қызметкерінің кәсіби міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жазаларды ізгілендіру және бап бойынша санкцияларды азайту нормаларын ұсынды.Ажар Ғиният

Министрдің айтуынша. мысалы, абайсызда денеге орташа және ауыр зиян келтіргені үшін айыппұлдың мөлшерін және қамауға алу мерзімін қысқарту, сонымен қатар ауыр дене жарақаты немесе науқас қайтыс болған жағдайда "бас бостандығынан айыру" сөзін "бас бостандығын шектеу" деген сөзбен ауыстыру ұсынылады.

Ол заң жобасында Қылмыстық кодекстің кейбір нормаларын ізгілендірумен қатар, медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін "есептік" сақтандыру үлгісін енгізу қарастырылғанын айтты.

Медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандырудың және кәсіби міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін жазаны ізгілендірудің ұсынылып отырған моделі бірінші кезекте азаматтардың құқығын қорғауға, медициналық қызметтерді алу кезінде денсаулығы мен өміріне келтірілген зиянды өтеуге, сонымен қатар құқықтық және қаржылық қорғауға бағытталған. Медицина қызметкерлерінің саны, қызметі пациентке көмек көрсетудегі қоғамдық пайдалы тәуекелмен байланысты саладан жоғары білікті мамандардың кетуін азайтуға да бағытталады.Ажар Ғиният
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз