Ажар Ғиният қазақстандықтарға үндеу жасады

Сурет: Zakon.kz
Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният елдегі коронавирусқа қарсы вакциналардың дозасы туралы айтты. Ол COVID-19 вирусы көбірек тарауына байланысты қайта вакцинациялау қажет екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Министрдің айтуынша, қазір коронавирусқа қарсы 500 мың доза вакцина бар.

"Олар - QazVac және Sinopharm вакциналары. Қазір құжаттарға қол қойып жатырмыз. Бізге гуманитарлық көмек - Pfizer вакциналары келіп жатыр. Келесі аптада Pfizer вакцинасының қанша дозасы бар екенін жариялаймыз. Олар вакцинация алғысы келетін халықтың барлық санатына арналған. Коронавирус инфекциясына қарсы үш вакцина болады".Ажар Ғиният

Денсаулық сақтау министрінің сөзінше, жаппай егу жүргізілмейтіндіктен, ревакцинация негізінен бустерлік дозалармен жүргізіліп жатыр. Вакцинация қазір негізінен емханаларда.

Министр ревакцинацияны жүргізу керек деп есептейді.

"Бүгінде бүкіл әлемде коронавирус инфекциясын жұқтыру көрсеткіші өсіп жатыр. Әсіресе, көршіміз Қытайда, Әзірбайжанда, Израильде және басқа да бірқатар елдерде аурушаңдық күрт өсіп жатыр. Сондықтан біз де халықты хабардар еткіміз келеді. Бұл ревакцинация қажет деген сөз және ол үшін вакциналар бар".Ажар Ғиният

Ол вакцинация алдында науқастарды профилактикалық тексеруден өткізу міндетті екенін еске салды. Қараша айының басында Қазақстанда коронавирус жұқтыру өскені байқалды.

Қазақстан
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Ақордада "Астана-Көгалдандыру құрылысы" мекемесінің қызметкері Дидар Телжанұлына "Құрмет" ордені табысталды