Шымкентте бауырды ауыстыру отасында алғаш рет мәйіт доноры қолданылды

Сурет: primeminister.kz
Ерекше ота 5 жыл бойы созылмалы бауыр циррозы бойынша есепте тұрған жергілікті тұрғынға Шымкент қаласының №1 клиникалық ауруханасының қабырғасында жасалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оңтүстік мегаполисте алғаш рет мәйіт доноры бауыр трансплантациясында қолданылып, ерекше ота жасалды, деп хабарлайды OTYRAR.

Ерекше ота Шымкент қаласының №1 клиникалық ауруханасының қабырғасында жүргізілді. Дәрігер атап өткендей, науқастың созылмалы бауыр циррозы бойынша есепте тұрғанына 5 жыл болған. Шамамен бір апта бұрын жасалған бұл ота 6 сағатқа созылған. Қазір науқастың жағдайы, ол жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырылған.

"Мұндай ота оңтүстік өңірде алғаш рет жасалды. Марқұмның туыстары мәйітті донорлыққа пайдалануға заңды келісімін берді. 16 қарашада түнгі сағат төртте біз отаны бастап кеттік. Мәйіттің басқа органдарын донорлық үшін елорданың емдеу мекемелері мамандары санавиация көмегімен алып кетті. Отадан кейін төртінші күні науқас өздігінен тұрып, жүре бастады, қазір жағдайы жақсы. Негізінде, мәйіт донорынан трансплантациялар сирек жасалады, бүкіл әлемде донорлар жетіспейді. Шымкентте органдарды ауыстыру отасы 2013 жылдан бері жүргізіліп келеді. Бүгінгі таңда 191 бүйрек, 30 бауыр трансплантациясы жасалды. Ал мәйіт донорынан трансплантация алғаш рет жасалды", - дейді Шымкент қаласының №1 клиникалық ауруханасының дәрігерлері.
Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Ақордада "Астана-Көгалдандыру құрылысы" мекемесінің қызметкері Дидар Телжанұлына "Құрмет" ордені табысталды

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

"Гинекологқа да барғанмын": қазақстандық eGov жүйесінен күмәнді жазбаларды анықтады

"Тісі жоқ болғандықтан ұялған": сүйістен бас тартуы жас қазақстандық қыздың өміріне қауіп төндірді