Қазақстанда күн сайын коронавирус жұқтыру көрсеткіші біртіндеп артып келеді

Сурет: pixabay
Өткен тәулікте Қазақстанда 219 адамнан коронавирус анықталды. Бір күн бұрын инфекция жұқтырғандар саны 175 болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 8 желтоқсандағы жағдай бойынша 1556 адам КВИ (-1348+ және 208 КВИ-) бойынша ем алып жатыр. Оның ішінде 234 науқас стационарда, 1322 адам амбулаторлық емделуде.

КВИ+ және КВИ- жағдайларының ішінде:

жағдайы ауыр – 8 науқас,

өте ауыр жағдайда - 4 науқас,

жасанды тыныс алу аппаратында – 4 науқас.

Бұған дейін қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова Алматыда өткен брифингте халық көп жиналатын жерлерден аулақ жүру және келушілер көп келетін қоғамдық орындарда жүру қажет болса, алты ай сайын белсенді түрде вакцинациялануды ұсынған еді.

Медицина маскасын тағып, әлеуметтік қашықты және жеке бас гигиенасын сақтау қажет.

Қазақстан
COVID-19

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі