Оның айтуынша, енді қазақстандықтар өздерінің барлық медициналық дерегін EGov мобильді қосымшасының бір бөлімінен таба алады.
"Дәрі-дәрмектерге рецепттер, диспансерлік есепке алу, медициналық анықтамалар, вакцинация, ауруханаға жатқызу, емдеу туралы ақпарат және басқа да маңызды ақпарат, соның ішінде балаларға арналған eDensaulyq бөлімінде қолжетімді", - деді Бағдат Мусин.
Министр бөлімді азаматтардың қажет медициналық деректерімен толтыру жалғасып жатқанын айтты.
"Егер сіз дәл қазір деректеріңізді таппасаңыз, олардың жақын арада пайда болатынына сенімді болыңыз", - деп жалғастырды министр.
Министр "осы қосымшаны жүзеге асыру арқылы сыбайлас жемқорлықты тудыратын себептерді жоюды көздеп отырмыз" дейді.
Айта кетейік, егер пайдаланушы ақпаратпен келіспесе, онда Call-орталыққа - 1406 немесе әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Telegram-боты арқылы хабарласуға болады.
"Сілтеме бөлімнің өзінде тұрады. Қате болса, ол туралы хабарлауға болады. Ақпарат түзетіледі", - деп қорытындылады министр.
15 қазанда Қазақстанда QR мемлекеттік қызметтердің барлық порталдарында ЭСҚ-ны алмастыратыны белгілі болды. Сонымен қатар Бағдат Мусиннің айтуынша, жақын арада емханаға бекіту процесін толығымен автоматтандыру жоспарланып отыр.