ДСМ Қазақстанда омикронның ХВВ нұсқасы табылғандығы туралы ақпаратты жоққа шығарды

Сурет: pixabay
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі (ДСМ) Қазақстанда SARS-CoV-2 коронавирусының омикрон ХВВ нұсқасы табылғандығы туралы WhatsApp-тағы ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

StopFake.kz қазақстандықтар WhatsApp-та коронавирустың жаңа штаммы табылғандығы туралы жалған ақпаратты жаппай бөлісіп жатқанын жазады. 

"Алынған штаммдарды соңғы рет секвенирлеу елімізде 100% омикрон нұсқасы таралғанын көрсетті. Қазақстанда омикрон ХВВ нұсқасы анықталған жоқ", – деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.


ҚР ДСМ мәліметінше, өткен тәулікте еліміз бойынша COVID-19-дың 200-ге жуық жағдайы тіркелді. Эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес, республикамз бен барлық өңір жасыл аймақта орналасқан.

Соңғы аптада өткен аптамен салыстырғанда сырқаттанушылық 4%-ға төмендеді.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ақпаратына сәйкес, XBB – омикрон нұсқаларының бірі. 2022 жылдың қазан айынан бастап ол әлемнің 38 елінде анықталды, науқастардың ең көп саны АҚШ-та тіркелген.

Қазіргі уақытта аурудың клиникалық ауырлығы мен ХВВ нұсқасының эпидемиологиялық маңыздылығы бойынша зертханалық зерттеулер жалғасуда.

Қазақстан
COVID-19

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Алматыда 12 жастағы баланы өлтіріп кетті: күдікті – 13 жаста

Астанада AMANAT партиясының съезі өтіп жатыр – делегаттар "Әділет" партиясына қосылуды қолдады

“Оқуға түсіремін”: Астанада 8 млн теңгені алаяқтықпен иемденген күдікті ұсталды