Денсаулық сақтау министрлігі: Қазақстанда ДДҰ сайтына кіру мүмкіндігі қалпына келді

Сурет: gov.kz
Қазақстанда Дүниежүзі денсаулық сақтау ұйымының сайтына кіру қалпына келтірілді. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz

Атап өткендей, Денсаулық сақтау министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен (ҚР Сыртқы істер министрлігі мен Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі) бірлесіп, Қазақстан аумағында Дүниежүзі денсаулық сақтау ұйымының ресми сайтына қолжетімділікті қалпына келтіру мәселесін шешті.

"Қазір ДДҰ-ның ресми сайты қалыпты жұмыс істеп тұр және бәріне қолжетімді".ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

2022 жылғы 14 қазанда Алматы облысы Талғар аудандық сотының шешімімен Дүниежүзі денсаулық сақтау ұйымының сайтына Қазақстанда кіруге шектеу қойылды. Себебі бұл сайт пайдаланушыларға суицид туралы егжей-тегжейлі айтып, әдістер мен ұсыныстарды береді делінген.

Қазақстанның ұсынысы бойынша ДДҰ-ның ресми сайтындағы суицид туралы ақпарат бюллетені өзгертілді.

ДДҰ – БҰҰ жүйесіндегі денсаулық сақтау саласындағы халықаралық жұмысты басқаратын және үйлестіретін орган. Оған әлемнің 190-нан астам елі мүше.

Қазақстан 1992 жылы Дүниежүзі денсаулық сақтау ұйымына кіргеннен бері ДДҰ денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастықтың басым бағыттары бойынша Қазақстанға кең ауқымды техникалық, сараптамалық және консультативтік қолдау көрсетіп келеді.

Қазақстан
ДДСҰ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

Алматыдағы Саин көшесінде болған жол апатынан екі адам зардап шекті

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды

Ресейде жаңа заң қабылданды: еңбек мигранттарының балалары 18 жасқа толған соң елден кетуі тиіс