ДДҰ коронавирустан қайтыс болғандар санының өскеніне алаңдап отыр

Сурет: who.int
Дүниежүзі денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Адханом Гебрейюс 2022 жылдың желтоқсан айының басынан бері коронавирустан өлім-жітім артып келе жатқанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Женевадағы брифингте Гебрейюс қайтыс болғандар санын да жариялады. Оның айтуынша, кейінгі сегіз аптада әлемде коронавирус жұқтырған 170 мыңнан астам науқас қайтыс болды.
Оның айтуынша, осы аптада ковидке байланысты жаһандық денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдай жөніндегі комитеттің отырысы өтеді. Сарапшылар аурудың пандемиясы әлі де халықаралық алаңдаушылық тудыратын төтенше жағдай болып табылатынын шешуі керек.
"Комитеттің ұсынысын алдын ала есептемей-ақ, мен көптеген елдердегі қазіргі жағдайға және өлім санының өсуіне алаңдаймын".ДДҰ басшысы

Гебрейюс қазір әлемде "пандемия алғаш басталған үш жыл бұрынғы жағдайға қарағанда жақсырақ", бірақ әзірге "тым аз адам, әсіресе қарттар мен медицина қызметкерлері вакцинацияланғанын" атап өтті.

Сонымен қатар бұрын хабарланғандай, Қазақстанда 24 қаңтардағы жағдай бойынша 1790 адам (-1652+ және 138 CVI-) CVI-дан ем алуды жалғастырып жатыр. Оның ішінде 134 науқас стационарда, 1656 науқас амбулаторлық емде. Қазақстанда бір тәулікте коронавирус 66 адамнан анықталды.
Қазақстан
ДДСҰ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты