Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жаңа басшысы тағайындалды

Сурет: gov.kz
Сәбит Мейрамұлы Ахметов ҚР Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сәбит Ахметов 1979 жылы 22 қаңтарда дүниеге келді.

Білімі:

2000 жылы Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін бітіріп, "заңгер" мамандығын алды.

 2021 жылы International Master in Public Procurement Management бағдарламасы бойынша Тор Вергата Рим университетінің магистратурасын аяқтады.

Еңбек өтілі:

С. Ахметов әр жылдары ҚР Әділет министрлігі Заңнама департаменті басқармасының басшысы, заң қызметі департаментінің директоры, ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігінің квазимемлекеттік сектор және тұтынушылардың құқықтарын қорғау Департаментінің және ҚР тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің Ішкі әкімшілік департаментінің басшысы, сондай-ақ ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік сектордың сатып алу заңнамасы департаментінің директоры қызметтерін атқарды.

ӘМСҚ ұжымына жаңа басшыны ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев таныстырды. Ол қазіргі уақытта Қор басшысының алдында әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін одан әрі жетілдіру міндеті тұрғанын атап өтті.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет бизнес бастауға ниетті кәсіпкерлерге 1,7 млн теңге үлестіруде: өтінімдерді қашан және қайда өткізеді

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

700-ден астам ескертпе мен қате: Қазақстанда мектеп оқулықтары қашан жаңартылады

Ақмола облысында полицейлер биіктіктен секірмек болған қызды аман алып қалды