Алматыда күндіз көлік жуумен, түнде оны тонаумен айналысып келгендер ұсталды

Baq.kz
Күдіктілер аулада тұрған көліктердің терезесін таспен сындырып, ішіндегі бейнетіркегішті немесе антирадар құрылғыларын ұрлап әкетіп отырған.

Шаһардағы Әуезов ауданының жол-патрульдік полиция қызметкерлері автокөліктен антирадар-детекторларды ұрлап келген екі адамды ұстады, деп хабарлайды Baq.kz.

Белгілі болғандай күдіктілер аулада тұрған көліктердің терезесін таспен сындырып, ішіндегі бейнетіркегішті немесе антирадар құрылғыларын ұрлап әкетіп, өзгелерге сайт арқылы сатып отырған.

«Ұсталғандардың жеке басы туралы мәлімет анықталды, олар 1992,1996 жылы туған Түркістан және Жамбыл облысының тұрғындары. Оның бірі бұған дейін өзгенің мүлкін ұрлағаны үшін істі болған. Екеуі де қаладағы көлік жуу орнында жұмыс істеген. Заттай айғақ ретінде алты дана құрылғы тәркіленген. Қазір Әуезов ауданындағы тергеу бөлімінде ҚР ҚК 188 бабында көрсетілген қылмыс белгісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Сондай-ақ қылмыстық полиция бөлімі олардың басқа да қылмысқа қатысының бар-жоқтығын тексеріп жатыр», - дейді Әуезов ауданы ІІБ-ның бастығы, полиция полковнигі Әлішер Тұрсынбетов.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің функциялары кеңейді

Толыққанды жаңа инвестициялық кезеңді бастау керек – Тоқаев

Алматыда лайк үшін заң бұзғандар жазаланды

Алматы метросында колледж студентінен үш оқ табылды

Қазақстан мен БАӘ жүргізуші куәліктерін өзара тану жөнінде келісімге келді