ШҚО-да тоғыз жастағы бала жұқа мұз астына түсіп кетті

ШҚО-да тоғыз жастағы бала жұқа мұз астына түсіп кетті , сурет - Zakon.kz жаңалық 23.11.2026 12:18 Сурет: pexels
Шығыс Қазақстан облысының Алтай қаласында Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері жұқа мұз астына түсіп кеткен тоғыз жастағы баланы құтқарды. Құтқарушылар баланы дер кезінде мұздай судан шығарып, дәрігерлерге тапсырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға Курчатов көшесі маңында болған. 2017 жылы туған бала батпақты аумаққа шығып, қатпаған мұздың астына түсіп кеткен.

Оқиға орнына жеткен құтқарушылар баланы жедел түрде судан шығарып, жедел жәрдем бригадасына тапсырды.

"Алдын ала диагноз бойынша бала қатты тоңып қалған. Ол ауруханаға жеткізілді. Қазіргі жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланып отыр", – деп хабарлады ведомство өкілдері 2026 жылғы 22 қарашада.

Ведомство өкілдері жұқа мұздың адам өміріне қауіп төндіретінін еске салып, ата-аналарды балаларын қараусыз қалдырмауға, оларға қауіп-қатерді түсіндіруге және су айдындарының маңында ойнауына жол бермеуге шақырды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: