Павлодарда әйел адам көпқабатты үйден құлап қаза тапты

 pavlodarnews.kz
Қайғылы жағдайды себебі әлі белгісіз.

Павлодарда әйел адам көпқабатты үйден құлап мерт болды, деп хабарлайды Zakon.kz pavlodarnews.kz басылымына сілтеме жасап.

Куәгерлердің айтуынша, әйел адам алтыншы қабаттан құлаған.

Оқиға орнынан әлеуметтік желіде фото жарияланды.

Полиция департаментінің мәлімдеуінше, Павлодар қаласындағы оқыс оқиға Бектұров көшесі 115 мекен-жайында орын алған.

- Аталған фактінің себебі қазіргі жағдай анықталып жатыр және сараптама тағайындалды, - деді департаментте.

Қаза болған әйел 1971 жылы дүниеге келген. Ол осы үйде тұрған.

Денсаулық сақтау басқармасында оқиғаның шамамен сағат 07:59 бен 08:05 аралығында болғанын айтты.

- Алты минуттан кейін келген жедел жәрдем адамның биологиялық өлімін анықтады. Себебі әлі белгісіз, - деді басқармада.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент жарлығымен бірқатар азамат мемлекеттік наградаларға ие болды

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбдірашит Доспановқа "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын берді