Қырғызстандық азамат Алматыдағы дүкендерге қарақшылық шабуыл жасаған, деп хабарлайды Zakon.kz қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Анықталғандай, бұл адам өз отанында іздестірілуде, Алматыда жалдамалы пәтерлерде жасырынып жүрген.
"Уақыт көрсеткендей, қаскөй өзінің бөтеннің мүлкін ұрлау "шеберлігін" біздің қалада жүзеге асырмақшы болған. Қырғызстанда бұрын сотты болған адам қарақшылық шабуылдар жасай бастады. Жұмыс істегісі келмейтін, бірақ біреудің есебімен өмір сүргісі келетін әдеттегі "жалқау". Күндізгі уақытта қаланың орталығында бұл азамат әдеттегі дүкенді аңдып отырған, онда сатушы-әйел тұрады. Ол ыңғайлы сәтті күтіп, дүкенге баса-көктеп кіріп әйел адамға шабуыл жасаған. Қаскөй сатушы қарсылығын тоқтатқанша оны буындыра берген. Әйел қозғалыссыз есінен танып жатқанда, ол дүкендегі құнды заттарды іздей бастайды. Касса бос, дүкенде азық-түліктен басқа ештеңе болмағандықтан, ол сатушының ұялы телефонын алып, оны көп ұзамай сатқан және ақшаны жеке шығындарына жұмсапты. Абырой болғанда, әйел адам тек қана есінен танып қалған. Қазір денсаулығы қалыпты", - деді, Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Данияр Мендебаев.
Жедел уәкілдердің жылдам іс-әрекеттерінің барысында күдікті анықталып, ұсталды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 192 бабына сәйкес сот алды тергеу жүргізілуде. Қазіргі уақытта ұсталған адам Алматы қалалық ПД уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
Осыған ұқсас тағы бір эпизод қаланың Медеу ауданында орын алған. Бұл қылмысты да осы күдіктінің жасағаны дәлелденді. Осыған байланысты, біз көрсетілген адамның қылмыстық әрекеттерінен зардап шеккен қаламыздың тұрғындары мен қонақтарына мына телефон нөмірлеріне хабарласуды сұраймыз: 254-46-12; 254-46-01 немесе 102", - деді подполковник Мендебаев.