Бір адам қаза тауып, он үш адам жапа шекті - үй иесі өзін өзі өртеп жіберді

oboiki.net
Үйге келген қонақтар өз өзіне қол жұмсақ болған адамға көмектесем деп өздері жапа шекті.

Төрт адам жансақтау бөлімшесінде жатыр, тағы бес бала мен төрт ересек адам улы газға тұншығып, аурухана төсегіне таңылды, деп хабарлайды Zakon.kz pavlodarnews.kz басылымына сілтеме жасап.

- 3 сәуір күні сағат 20:51 Ақсудағы Б.Момышұлы көшесінде орналасқан жеке тұрғын үйден өрт шыққаны жайлы хабар келіп түсті. Куәгерлердің айтуынша, қаза болған адамның жұбайының туған күні болыпты. Қонақтар дастархан басына жайғасқан соң, елу жастағы үй иесі сыртқа шығып кеткен, артынша бензин құйылған бес литрлік канистрамен келіп, балаларды алып кетуді сұрайды. Жұбайы оның өтінішін орындаған соң, ер адам сіріңке алып, өзін өртеп жіберген. Ал оған кедергі жасамақ болған достарын күйік шалып, олар Ақсудың орталық ауруханасына жатқызылды. Қайғылы жағдайдың нәтижесінде ер адам қаза тапты, тағы 13 адам жансақтау бөлімшесінде жатыр, улы газға тұншыққан бес ересек адам мен төрт бала жансақтау бөлімшесіне жеткізілді, - деп хабарлап отыр жедел жәрдем стансасының баспасөз қызметі.

Жалын 30 шаршы метр аумақты шарпып үлгерген. Үш бөлмелі үйдің ішіндегі ас үй, жиһаз, тұрмыстық техника және үй заттары толықтай өртеніп кеткен. Үй шатыры да жартылай опырылған.



Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент жарлығымен бірқатар азамат мемлекеттік наградаларға ие болды

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбдірашит Доспановқа "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын берді