Теңіз шекарашылары 400 келіге жуық бекіре балық пен итбалықты құтқарды

dag.life
Жалпы сомасы 22 202 325 теңге шығын қайтарылды.

Теңіз шекарашылары Каспий теңізінің акваториясында жүзудің қалыпты тәртібін сақтау, браконьерлік іс-әрекетке тосқауыл қою және теңіздегі биологиялық қорды сақтау ісіне лайықты үлестерін қосып келеді, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

- Жалпы сомасы 169 837,5 теңге айыппұл салынып, 22 202 325 теңге шығын қайтарылды, - делінген ведомство таратқан ақпаратта.

Сонымен қатар шекарашылар, "Жағалау күзеті" өңірлік басқармасына қарасты шекаралық кемелер мен катерлер қызметінің өткен тәуліктегі нәтижесі бойынша 7 шағын жүзу құралы ("Байда" типті - 1, "Бударка" типті - 4, 2-үрлемелі қайық),1 мотоцикл, "Ямаха", "Сузуки" типті алты қозғалтқыш, 18 000 метрден астам әртүрлі ау мен жүздеген құралдар тәркіленген. 400 кг-ға жуық бекіре балықтар мен бір итбалық құтқарылған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент жарлығымен бірқатар азамат мемлекеттік наградаларға ие болды

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбдірашит Доспановқа "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын берді