Алматыда қарақшыларды ұстамақ болған екі полицей жараланды

zakon.kz
Олар қазір ауруханада, өміріне қауіп жоқ.

Алматыда қауіпті қылмыскерлерді құрықтау кезінде екі полицей жарақат алды, деп хабарлайды Zakon.kz қалалық Полиция депратаментіне сілтеме жасап.

Полиция департаменті хабарлағандай, 2019 жылғы 9 сәуірде Наурызбай ауданының полиция басқармасына хабарласқан ер адам өз танысының заңсыз әрекетіне шағымданған. Арызданушының сөзінше, ол танысынан жалға алған Daewoo Nexia автокөлігінің арендасын төлеуді екі күнге кешіктірген. Содан жалға беруші сыбайласын ертіп келіп, жәбірленушіні Наурызбай ауданына алып кетеді. Ұрып-соғып екі телефонын тартып алған. Сосын 14 мың теңгенің орнына 40 мың әкелесің деген талап қойыпты.

– Қылмыскерлер жәбірленушіге ақша алып кел деген жерге төрт адам болып келді. Олар ұстау кезінде полицияға қарсылық танытып, аға лейтенант Мұхиддинов пен полиция капитаны Қожаевқа пышақ жұмсады. Жараланған екі қызметкер шұғыл жағдайда 7-ші қалалық ауруханаға жеткізілді. Қазір олардың денсаулығы тұрақты, өмірлеріне қауіп жоқ, – деп хабарлады Алматы ПД баспасөз қызметі.

Іздестіру барысында екі қылмыскер ұсталды, қалған екеуі әлі ізделуде.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі