Жамбыл облысы Қаратау қаласында 8 жастағы бала жоғалды

Жамбыл облысы Полиция департаменті
Барлық облыстарға шұғыл түрде бағыттама беріліп, жедел-іздестіру топтары құрылды.

24 сәуірде Талас аудандық полиция бөліміне Қаратау қаласының Л. есімді тұрғыны өзінің кәмелетке толмаған 2010 ж.т. қызы мектептен кейін үйге оралмағанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz Жамбыл облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталған дерек бойынша қалалық, аудандық полиция бөлімдері мен барлық облыстарға шұғыл түрде бағыттама беріліп, жедел-іздестіру топтары құрылды. Олар қараусыз қалған үйлер, саябақтар, базарлар мен оқу орындары, сондай-ақ аурухана, вокзал, канализациялық люктер мен қала аумағының тағы басқа орындарында іздестіру жұмыстарын жүргізді.

Іздеу жұмыстарына 40 полиция қызметкері, 22 мұғалім мен еріктілер, 4 төтенше жағдай қызметкері және қызметтік-іздестіру иттері жұмылдырылып, жергілікті тұрғындар сұралуда.

Жамбыл облысы Полиция департаменті суретте көрсетілген Берик Аруай Мұхитқызына қатысты қандай да бір ақпарат болса, 8 (726 44) 6-08-28, 6-05-66, 6-29-16 нөмірлеріне немесе 102-ге хабарласуларыңызды сұрайды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды