ШҚО бес қайықпен жүрген браконьерлер екі инспекторға шабуылдады

видео кадрларынан алынды
Қарсылық көрсеткендер шамамен оншақты адам болған.

ШҚО екі инспекторға 10 браконьер шабуылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахметтің хабарлауынша, оқиға 23 сәуір күні сағат 18:30 шамасында орын алған.

ШҚО Жайсан көлінің Базарка аумағында балықтардың уылдырық шашу кезеңінде Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі инспекциясының Көкпекті бөлімінің мемлекеттік инспекторлары рейд жүргізген.

- Рейд жүргізу барысында бөлімнің екі инспекторына Тассай ауылының тұрғындары шабуыл жасаған. Қарсылық танытқандар шамамен он шақты адам болған және олар бес қайықпен жүрген. Балағаттап, күш көрсету арқылы қоқан-лоққы жасаған, сосын ескектер мен ұрып, қайықты жаншып, оны бірнеше рет аударып жібермек болған. Аталған дерек бойынша Көкпекті аудандық полиция бөлімшесіне арыз түсті, - деп хабарлап отыр Ділдахмет.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"СОЦИС-А" Құрылтай сайлауы бойынша экзитпол нәтижелерін жариялады

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

Алматыда өрт болды: тұрғындар эвакуацияланып, зардап шеккендерге көмек көрсетілді

Студенттер жатақханасына орын бөлу тәртібі жаңарды