Астанада "Төленді" ТҚК-нің салушылары, 700 үлескерді алдап соққандар сотталды

24 kz
Пайшылардың ақшалай қаражаты сотталғандарға жеке қажеттіліктеріне жұмсалған.

Қала прокуратурасымен "Төленді" ТҚК құрылыс салушыларына қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды, деп хабарлайды Zakon.kz.

- А. С. Байжұманов, Н. Н. Анарқұлов және басқа да 7 адам 2012-2016 жылдары 700 үлескердің 7 млрд.теңгеден астам ақшалай салымдарын "Аниса 1,2,3", "Көктал-2", "Абат" және "Абайдың 150 жылдығы"ТК құрылысы кезінде ұрлағаны үшін айыпталды, - деді прокуратура өкілдері.

Пайшылардың ақшалай қаражаты сотталғандарға жеке қажеттіліктеріне жұмсалған. Байжұманов ТҚК төрағасы бола отырып, өз туысқандары мен таныстарының пәтерлерін және тұрақ орындарын ақысыз, заңсыз ресімдеген, ол туралы сотта жәбірленушілердің өздері де мәлімдеген.

Сот талқылауы бір жыл бойы жалғасты. Сотта 500-ден астам жәбірленушіден жауап алынды.

Прокурордың мемлекеттік айыптауын тиісінше қолдау нәтижесінде сотталушылардың кінәсі дәлелденді, сот 5 жылдан 9 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Қылмыстық жолмен алынған барлық мүлікке жәбірленушілерге келтірілген залалды өтеу мақсатында тыйым салынды.

Үкім заңды күшіне енді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді

"Йогуртпен ғана тамақтандырған": әйел 1,5 жастағы қызын аштан өлтірді

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев