ШҚО-да 16 жастағы жасөспірім аттан құлап, өзенге ағып кетті

altaynews.kz
Баланың денесін төтенше жағдай өкілдері мен сақшылар бірнеше сағат бойы түнге дейін іздеген.

Шығыс Қазақстан облысының Аягөз ауданында қайғылы оқиға болды, деп хабарлайды Zakon.kz Алтайньюс басылымына сілтеме жасап.

Басылымның ақпаратынша, Аягөз өзені арқылы малды айдап өтпек болған 16 жастағы жасөспірім аттан ауып, суға құлаған. Қатты ағыс оның денесін ағызып әкетіпті.

Бұл туралы ШҚО ТЖД баспасөз қызметі мәлімдеді.

Баланың денесін төтенше жағдай өкілдері мен сақшылар бірнеше сағат бойы түнге дейін іздеген. Мәйіт оқиға болған орыннан 50 метрдей жерден табылған.

Құтқарушылар малшыларға өзен тасып жатқан кезде ағысы қатты жерлерден өтпеуді ескертеді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда самокаттарға тротуармен жүруге тыйым салынады

Қазақстандағы лудомандар саны 700 мың адамға дейін жетті

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Елордада жеткізу қызметін пайдаланып алаяқтық жасаған азамат ұсталды

"Қазақстанда 1 млн адам лудоман" деген ақпаратты Туризм министрлігі жоққа шығарды