Қостанай облысында есіткі сатумен айналысқан екі адамға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ҰҚК Қостанай облысы бойынша департаменті құрамында каннабистік топ бар есірткі заттарының заңсыз айналымына қатысы бар азамат А. Чигаркин және В. Бондуровский болған наркотоптың заңсыз әрекетін анықтап, жолын кесті.
- Атап айтқанда, 2018 жылғы 19 қарашада салмағы 19 кг 230 гр. "марихуана" есірткі затын өткізу кезінде В. Бондуровский ұсталды. Жауап алу барысында ұсталған адам кінәсін мойындап, есірткіні А. Чигаркиннен алғанын айтты. 2018 жылғы 20 қарашада А. Чигаркинді анықтау және ұстау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіп, тұтқындау барысында одан салмағы 3 кг 721 гр болатын "марихуана" есірткі заты тәркіленді. Нәтижесінде тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 22 кг 951 гр құрады, - делінген ҰҚК таратқан ақпаратта.
2019 жылғы 6 мамырда Қостанай облысы бойынша мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер бойынша сотының үкімімен А. Чигаркин ҚР ҚК 296-бабы 4-бөлімі және 297-бабы 3-бөлімі бойынша кінәлі деп танылып, 13 жылға бас бостандығынан айыру, сондай-ақ В. Бондуровский ҚР ҚК 297-бабы 3-бөліміне сәйкес 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілді.