Үш метрлік қолтырауын терезеден үйге кіріп кетті

Clearwater Police Department
Қолтырауынды ас үйге тамақ ішуге кірген үй иесі көрген.

Американың Флорида штатындағы Клируотер қаласында үш метрлік қолтырауын тұрғын үйге кіріп кетті, деп хабарлайды Zakon.kz Lenta.ru басылымына сілтеме жасап.

Рептилия түн ішінде адамдар ұйқыда жатқан кезде келген. Ол жер деңгейімен бірдей орналасқан ас үйдің терезесін шағып, ішке кіріпті. Оны көрместен бұрын, жануар стөл мен орындықтарды аударып үлгерген көрінеді.

Қолтырауынды ас үйге тамақ ішуге кірген үй иесі көрген. Ол дереу полицияға хабар берген. Оқиға орнына маман жіберіліп, ол рептилияны ұстап алған. Абырой болғанда оқиға нәтижесінде адамдар зардап шеккендер жоқ.

Мамыр айы кезінде Флоридада мекен ететін қолтырауындардың күйлеу кезеңі басталады. Ол маусымда жалғасып, сосын рептилиялар ұя сала бастайды. Осы аралықта олар өте белсенді болады, сондықтан адамдардың көзіне жиі түседі екен.

Флоридада миссисипилық, Солтүстік және Оңтүстік Каролина, Джорджия, Техас пен Луизианада мекен ететін қолтырауындар таралған. Ұзындығы 4,5 метрге жететіндері кезігеді, бірақ олар орта есеппен 3,4 метрге дейін өсіп, 200 килограммға дейін салмақ басады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент жарлығымен бірқатар азамат мемлекеттік наградаларға ие болды

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбдірашит Доспановқа "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын берді