Алматы облысында мектепте оқымайтын 8 жасар бала анықталды

Ашық дереккөздерден алынды
Ол ұзақ уақыт бойы ата-анасымен Алматы облысының Талғар ауданының таулы аймағында тұрған. Мектепке бармауының себебі де осы.

Алматы қаласының ювеналды полиция қызметкерлері мектепке мүлдем бармаған 8 жастағы ұл баланы анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл күндері мегаполисте "Демалыстар" республикалық жедел-профилактикалық іс-шара өтуде, оның негізгі міндеттерінің бірі оқумен қамтылмаған балаларды анықтау.

"Біздің бөлімнің ювеналды полиция қызметкерлері 2011 жылы дүниеге келген К. ұлды тапты, ол әлі күнге дейін мектепте оқымайды. Қыркүйек айында бала кем дегенде екінші сыныпқа баруы керек.

Ол ұзақ уақыт бойы ата-анасымен Алматы облысының Талғар ауданының таулы аймағында тұрған. Мектепке бармауының себебі де осы. Қазір бала әжесімен бірге біздің ауданда тұрады. Ол міндетті түрде мектепке барады.

Тиісті өтініш аудандық білім бөліміне жіберілді. Айтпақшы, кішкентай бала өте ақылды, көпшіл, дені сау және көп нәрсені үйренгісі келеді. Ювеналды полиция қызметкерлері баланы толықтай мектепке дайындауға әзір. Оқуға қажетті барлық керек-жарағын алып береміз", - дейді Алматы қалалық ПД Түрксіб аудандық полиция басқармасының бастығы Еркін Амантаев.

Сонымен бірге, полиция "Мектепке жол" акциясы аясында инспекторлар тұрмысы төмен отбасынан шыққан балаларды анықтау бойынша жұмыс жүргізіп жатқандығын хабарлады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңді бастайды

Қазан айында ел азаматтары қанша күн демалады

"Үсік жүріп, тұман түседі". Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы