Паттайда қайтыс болған қазақстандыққа қатысты тың дерек шықты

Чайёт Пупаттанапон
Әйелдің күйеуі мәйітті сол жақта кремациялау, яғни өртеу туралы шешім қабылдапты.

ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Таиландтағы қайғылы жағдайға тап болған отандасымызға қатысты мәлімет берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР СІМ хабарлауынша, қайғылы оқиға 26 қыркүйекте болған.

"Біздің 78 жастағы азаматымыз Паттайя провинциясындағы жағажайда суға батып, көз жұмған. Алдын ала мәліметтер бойынша, әйел суға батып, тұншыққаннан қайтыс болған, бірақ біз әлі де медициналық сараптама нәтижесін күтіп отырмыз. Мен бүгін консулмен сөйлестім, әйелдің күйеуі мәйітті сол жақта кремациялау, яғни өртеу туралы шешім қабылдады, бірақ оның күлін Қазақстанға әкеледі", - деді Смадияров.

Сондай-ақ, консулдар жергілікті жерлеу рәсімдерімен шұғылданатын компаниямен сөйлескен. Бұл мәселе консулдықтың назарында.

Айта кетсек, Джомтьен жағажайындағы туристер мен сатушылар әйелдің өлі денесін тауып алған. Алдын ала мәліметтер бойынша, ол таңертең күйеуі ұйықтап жатқанда суға шомылуға шыққан. Кейін жағажайға күйеуі келіп, одан мәңгіге айырылып қалғанын білді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент жарлығымен бірқатар азамат мемлекеттік наградаларға ие болды

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбдірашит Доспановқа "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын берді