"Самара – Шымкент" тасжолында қалып қойған автобустағы шетелдік жолаушының жүрегі тоқтап қалған, деп хабарлайды Zakon.kz облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"5 қарашада сағат 06:40 шамасында автобус ішінен Тәжікстан азаматының денесі табылды. Ол Ресейден Тәжікстанға бағыт алған автобуста болған. Марқұмның денесі Хромтау аудандық ауруханасына жеткізіліп, сараптама жүргізілді. Жолаушының жүректің ишемиялық ауруынан жан тапсырғаны белгілі болды. Денесінде зорлық-зомбылық және үсік шалу белгілері табылмады", - делінген хабарламада.
Ақтөбе облыстық полиция департаменті баспасөз қызметіндегілер автобустағы тағы екі Тәжікстан азаматы денсаулығына шағымданғанын, оларға медициналық көмек көрсетілгенін де қоса айтты.