Алматыда тұрғын үйде газ жарылды: Үш адамның жағдайы ауыр

ssmp14.ru
Мамандардың тексеруінен соң үйдегі газ қазандығы қирамағаны анықталды.

Алматыда көпқабатты үйде газ жарылып, 3 адам ауыр жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, Первомайка ауылындағы Постышев, 64 "В" мекенжайында барак типтес 3 қабатты үйде жарылыс болды. Онда жалдамалы пәтерлерде 12 отбасы тұрып жатқан.

Оқиға орнына жеткен апаттық-диспетчерлік қызметтің хабарлауынша, жарылыс бірінші қабаттағы №3 пәтерде болған. Қатты дүмпу үйдегі есік-терезені, ішкі қабырғаларды қиратқан.

Мамандардың тексеруінен соң үйдегі газ қазандығы қирамағаны анықталды.

Ал қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының ақпаратынша, жедел жәрдем бригадасы №4 ауруханаға 3 пациентті жеткізді. Үшеуі да қазір жансақтау бөлімінде жатыр.

"36 жастағы ер адамның денесін 100 пайыз күйік (3-дәрежелі) шалған. Ол жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Науқастың жағдайы өте ауыр. 19 жастағы қыздың денесінің 85 пайызын күйік (3-дәрежелі) шалған. Жағдайы өте ауыр. 23 жастағы жігіттің беті, аяқ-қолдары күйген (1-дәрежелі). Денесінің 22 пайызы зақымданған. Бұл пациенттің де жағдайы өте ауыр", - деді басқарманың баспасөз қызметінен.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

1940 жылы серуендеп жүрген бозбала 17 мың жылдық тарихы бар құпия үңгірді тауып алған

Мақпал Жүнісова оқырмандарын желідегі жазбасымен ойландырып қойды

Шымкентте сот приставын бір топ қаскөй сот ғимараты алдында сабап кетті

Парламенттік реформа бойынша референдум қашан өтетіні белгілі болды

2 наурызда қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды