Алматыда билбордтардағы есірткінің жарнамасы: полиция тапсырыс берушіні тапты

Zakon.kz
Қазіргі кезде тексеру жұмыстары жүргізіліп, бұл жарнамалық билбордты орналастырған компания, сонымен бірге тапсырыс берушілер анықталып, табылды.

Алматы қалалық полиция департаменті көшеде ілулі тұрған билбордтардағы есірткі жарнамаларына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл факті Алматы қаласы полиция департаментінің Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері өз назарына алды. Бұл, әрине барып тұрған бассыздық, сондықтан құқық қорғау органдарының ерекше назарына алынып, шұғыл әрекетті талап етеді.

Қазіргі кезде тексеру жұмыстары жүргізіліп, бұл жарнамалық билбордты орналастырған компания, сонымен бірге тапсырыс берушілер анықталып, табылды. Олар жақын арада Алматы қалалық полиция департаментіне сұрақ-жауап алу үшін әкелінеді.

- Әрине, бұл іс-әрекеттер қолданыстағы заңнамаға сәйкес бағаланып, кінәлілер жауапқа тартылады. Ол туралы кейінрек хабарлаймыз. Ал тапсырыспен жасалған визуальды өнім қайта жөнделіп, көшеге ілінеді, деп атап өтті баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желідегілердің ашуын туғызған жарнамалық бильборд мынау:

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент жарлығымен бірқатар азамат мемлекеттік наградаларға ие болды

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбдірашит Доспановқа "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын берді