Басына пакет кигізіп қойыпты. Қостанайда қоқыс жәшігінен шақалақ табылды

Pixabay
Ал көкек ана әлі табылған жоқ.

Қостанайда қоқыс жәшігінен табылған нәрестені дәрігерлер неге аман алып қала алмағанын түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Жедел жәрдем қызметіне сағат 10-48 шамасында қоңырау келіп түсті. Жедел жәлдем көлігі оқиға орнына 10-55 уақытта, яғни жеті минутта жетті. Қоқыс жәшігінде басына пакет кигізілген шақалақ жатты. Ұл баланы көлікке алғанда "клиникалық өлім" диагнозы қойылды. Ол жансақтау бөліміне жеткізілді. Дәрігерлер оны аман алып қалу үшін қолдан келгеннің бәрін жасады, бірақ бұл мүмкін болмады", - деп хабарлады қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Ал көкек ана әлі табылған жоқ. Нәрестенің қашан және неден қайтыс болғанын сараптама анықтайды. Сотқа дейінгі тергеу басталды.

"23 қарашада Аэропорт ықшамауданындағы қоқыс жәшігінен жаңа туған бала табылды. Полиция қызметкерлері қоқыс жәшігі орналасқан маңдағы үйлерді аралап, тұрғындарды сұрастыруда. Сол секілді көшедегі видеотаспадағы жазбаларды қарап жатыр, шұғыл іздестіру жұмыстары жүріп жатыр. Іздеу жұмысына кинолог мамандар да тартылды", - дейді Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты