Ақтауда қыздар арақ шашып көлікті өртемек болған

видеодан алынды
Бірақ олардың мұнысынан түк шықпаған, қыздар бәрібір дегендерінен қайтпаған.

Ақтауда қыздар көлікті өртемек болып, онысынан түк шықпаған соң доңғалақтарды тескілеген, деп хабарлайды zakon.kz Лада басылымына сілтеме жасап.

Қаскөйлер бақылау камерасына түсіп қалған. Көліктің иесі полицияға шағымданбаған, бірақ видеоны желіге жүктеуді жөн көрген.

Қастық Ақтау қаласының 21 шағын ауданында жасалған.

25-нен 26-шы қарашаға қараған түні, сағат 03:00 шамасында екі қыз есік алдында тұрған Мерседес-Бенц-ке жақындап келіп, үстіне сұйық нәрсе құя бастайды. Көлік иесі болжағандай, қыздар арақ шашқан, содан кейін көлікті өртемек болған. Видеодан көрініп тұрғандай, қыздардың бұл әрекетінен түк шықпаған.

- Сол кезде олар дөңгелектерді тескілеуге кіріскен. Біреуі тесілген, екіншісі кесілген, бампері сызылған. Полицияға бармаймын, бұл бұзақылар Интернеттен өздерін көрсін! Бұл оларды жазалаудың ең жақсы жолы, - деді Влад (көлік иесінің өтініші бойынша аты өзгертіліп алынды- автордың ескертпесі).

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент жарлығымен бірқатар азамат мемлекеттік наградаларға ие болды

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбдірашит Доспановқа "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын берді