Енді екінші қайтара жасалған ұрлық ауыр қылмыс санатына жататын болады

Pixabay
Мысалы, жыл басынан бері ұсталған 6 733 қылмыскердің 4120-сы бірнеше рет ұрлық жасаған.

2019 жылы басқа адамдардың мүлкін ұрлауға қарсы, соның ішінде пәтер ұрлығын жасағаны үшін жауапкершілікті күшейту бойынша бірқатар шаралар қабылданды, деп хабарлайды zakon.kz ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТМД-ның жекелеген елдерінің тәжірибесі көрсетіп отырғандай, бұл мәселені шешудің тиімді құралдарының бірі - қайталанатын ұрлыққа қатысты заңнаманы қатайту. Мысалы, Өзбекстан Республикасында бірнеше рет жасалған ұрлық ауыр қылмыс болып табылып (ҚК 169-бабы), 8 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы кесіледі.

Осыған байланысты, министрлік бірнеше рет ұрлық белгілерін ауыр қылмыстар санатына жатқызуды көздейтін заңнамаға түзетулер енгізді (Қылмыстық кодекстің бір бабында көзделген екі және одан да көп әрекеттерді жасау).

Мысалы, жыл басынан бері ұсталған 6 733 қылмыскердің 4120-сы бірнеше рет ұрлық жасаған. Олар қоғамнан оқшауланған болатын әрі олар зардап шеккен тараппен ымыраға келу мүмкіндігінен айырылған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент жарлығымен бірқатар азамат мемлекеттік наградаларға ие болды

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбдірашит Доспановқа "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын берді